Полиция өкілдері атап өткендей, нақты домофон қызметін көрсететін компаниялар ешқашан телефон арқылы жеке ақпарат сұрамайды.
Абай облысының полиция департаменті Қазақстанда домофондарға қатысты алаяқтықтың жаңа схемасы анықталғанын хабарлады. Бейтаныс тұлғалар тұрғындарға телефон соғып, өздерін домофондарды қызмет көрсететін компаниялардың қызметкерлері ретінде таныстырады.
Алаяқтар "кілтсіз кіру" қызметін қосып беруді ұсынып, подъездің есігін алты таңбалы жеке код арқылы ашуға болатынын айтады. Олар бұл код әр пәтерге жеке жасалады деп сендіреді. Алайда құқық қорғаушылардың айтуынша, мұндай қызмет мүлде жоқ. Шын мәнінде, келісімге қол жеткізген соң алаяқтар азаматтардың жеке деректерін жинаумен ғана айналысады.
Полиция өкілдері атап өткендей, нақты домофон қызметін көрсететін компаниялар ешқашан телефон арқылы жеке ақпарат сұрамайды және "кодпен кіру" қызметін ресми келісімшартсыз қоспайды.
Фото: Freepik / bearfotos