2024 жылдың 27 ақпанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы намаз уақыттарын өзгерту туралы маңызды үндеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленетінін еске салды.
"29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді", - дейді ҚМДБ Баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ауылдар мен қалалардағы намаз уақыттары туралы барлық ақпаратты ресми сайттағы кестеден алуға болатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, жұма намазы туралы мәліметтер төмендегі кестеде берілген.