Қасым-Жомарт Тоқаев хостелде өрттен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты

Президент Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл деп айтты, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды», - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты.

Өрттен зардап шеккен 2 адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, науқастың біріне көмірқышқыл газынан улану диагнозы қойылды. Сондай-ақ 59 адам эвакуацияланып, 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды.

Фото:www.akorda.kz