Қаныш Әбубәкіров ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды

Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылы 17 қаңтарда Ақорда жариялаған Мемлекет басшысының өкімінде айтылады:

"Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды".
Cондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Айта кетсек, Қаныш Асанханұлы 1977 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылында дүниеге келген. ҚР Қарулы күштері Әскери академиясын және Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

Бүгіндері генерал-лейтенант Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде десанттық-шабуылдау батальоны барлау ротасы барлау тобының командирінен Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығына дейінгі жолдан өтті.

Штаб бастығы - 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары, 22750, 25744, 61993 әскери бөлімдерінің командирі қызметін атқарды.