Бейжіңде қазақ әндерінің қытай тіліндегі жинағы шықты

Онда қазақтың көрнекті қайраткерлерінің 30 белгілі музыкалық шығармасы қамтылған, деп хабарлайды informburo.kz.


Қытай астанасында танымал қазақ әндерінің қытай тіліндегі алғашқы аударма жинағының тұсаукесері өтті. Онда Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және тағы басқа қазақтың көрнекті қайраткерлерінің 30 белгілі музыкалық шығармасы қамтылған, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты. 

Әндерді музыка халық баспасының жәрдемімен белгілі жазушы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты Әкбар Мәжитұлы аударған.

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевтің айтуынша, бұл жинақ Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен тату көршіліктің іргетасына үлес қосады.