Балабақшада бүлдіршінді жабылып ұрған балалардың ата-анасы мен тәрбиеші жазаланатын болады

Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті. 

"3 жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Фото: видеоскрин