Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл мереке Қазақстанда да аталып өтіледі. Елімізде жасына байланысты 2,3 млн зейнеткер тұрады. Қарттарды қолдау, оларға әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда. Жыл сайын зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артады.
Биыл барлық өңірлерде аға буынға қамқорлық, құрмет көрсетуге бағытталған қарттарды әлеуметтік қолдау айлығы өткізіледі. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері қарттарға біржолғы материалдық көмек көрсетеді. Елімізде 79 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Олардың қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға, егде жастағы адамдарды тәуелсіздікпен қамтамасыз етуге, қоғам өміріне қатысуға бағытталған.
Бұл күні барлығы қарияларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіреді.
Фото: ӨКҚ