Атырауда пәтердің бір шаршы метрін жалға беру құны – 3 мың теңге

Былтыр күздің алғашқы айларында жалға берілетін пәтерлердің бағасы күрт өсіп, баспана нарығында айтарлықтай өзгерістер болғаны есімізде. Енді баспананы жалға беру нарығы тұрақтала түседі деген болжам айтып отыр сарапшылар.

Krisha.kz сарапшылары алға тартқан мәліметтерге жүгінсек, өткен жылдың қыркүйегі мен қазанында шарықтап өскен баспананы жалға беру құны бүгінде, орташа есеппен алғанда, 36%-ға дейін құлдырап кеткен.

Қазіргі күні Ақтөбеде, Қарағандыда, Көкшетуда баспананы жалға беру құны күз айларындағы бағадан төмендеген. Енді пәтер іздеген адам бұл қалаларда жалға беру құнының 9–11%-ға дейін төмендегенін ескерсе болады.

Ал Қостанай, Алматы, Астана, Петропавл қалаларында баспананы жалға беру құны былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда аз да болса жоғары деңгейде - 2–10%.

Сарапшылардың айтуы бойынша, биыл ақпанда баспананы жалға беру нарығындағы ең жоғары баға Алматыда тіркелген. Онда  1 шаршы метр үшін 5 мың 600 теңге. Сондай-ақ, биыл ақпанда жалға беру бағасы Астанада 1 шаршы метр үшін – 3 мың 700 теңгені,  ал Атырауда – 3 мың теңгені құрады.

Ең төменгі баға көрсеткіші Ақтөбе, Шымкент, Ақтау, Орал және Петропавлда қалаларында тіркелген. Пәтердің бір шаршы метріне жалға берушілер 2 мың 400 теңге сұрайды.  

 

Ықшамдап дайындаған Э.МЫҚТЫБАЕВА.