Алматыдағы өрттің шығу себебін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себебін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Kazinform Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді.

Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.

Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.

Фото: primeminister.kz