1 қазан – Радио қызметкерлері күні

Екі жыл бұрын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Кәсіби мереке үш жылдан бері тойланып келеді! Қазақстанда алғашқы радио 1921 жылдың қазан айында хабар таратқан. Радио қоғамды дамытуда, патриотизмді қалыптастыруда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды. Көп жылдар бойы ол ең сенімді ақпарат көзі болып саналып, мәдени және танымдық функцияларды атқарды. 

Ал бүгінгі, жоғары технологиялар дамыған заманда радио өзінің маңыздылығын жоғалтпай, басты миссиясын сенімді және сапалы орындап келеді – ол миллиондаған тыңдарманның досы, жолаушының серігі болып қалуда.

Фото: ӨКҚ