Ұлттық банк ұсақ тиындарды (1, 2, 5 теңге) қабылдаудан бас тартқан кәсіп иелеріне жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл үшін ескерту беріледі, қайталанған жағдайда айыппұл салынады.
"Қазақстан аумағында қолма-қол ақша айналымында 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200 теңге монеталары қолданылады. Бұл – заңды төлем құралы. Төлемдердің барлық түрлері бойынша, банктік шоттарға аудару үшін кез келгені қабылдануға міндетті", – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 206-бабы Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.