Жол қауіпсіздігін сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережелерін бұзып, өзге қатысушылардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеттер жиілеп кетті.

Кейбір азаматтар қозғалыстағы көліктің терезесінен денесін шығарып, суретке түсіп немесе бейнежазба жасап, өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тек көшеде ғана емес, әлеуметтік желілерде де тұрақты түрде қадағалайтынын ескертеміз. Жол ережесін және қоғамдық тәртіпті бұзған бейнематериалдар бойынша құқық бұзушылар заң аясында жауапқа тартылады.

Жол қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз! Әрбір жауапсыз әрекет өз өміріңізге де, айналаңыздағы адамдардың тағдырына да әсер етуі мүмкін екенін есте сақтаңыз.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ қауіп төндіретін бейнероликтерді түсірмеуге және таратпауға шақырады.

Жол – ойын алаңы емес. Қауіпсіздік өзімізден басталады!

Мирас ДӘУЛЕТ,

Атырау ҚПБ ППБ-ның қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты