Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында жастарға ерекше мән берілді. Мемлекет басшысы еліміздің ертеңі – білімді, ізденімпаз және отаншыл жас ұрпақ екенін атап өтті.
Президент жастарды инновация мен кәсіпкерлікке, ғылым мен технологияны меңгеруге ынталандыруды негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіледі. Цифрлық дәуірдің талабына сай, жаңа буын мамандарын даярлау – елдің экономикалық және рухани дамуының кепілі.
Сондай-ақ Жолдауда жастардың бастамаларын қолдау, волонтерлік қозғалысты дамыту, білім мен тәжірибе алмасуға жағдай жасау сынды нақты тапсырмалар жүктелді. Бұл – ел жастарының әлеуетін ашуға бағытталған үлкен мүмкіндік.
Бүгінгі жас – ертеңгі ел тірегі. Президент Жолдауы – сол ұрпақтың өз қабілетін ел игілігіне жұмсауына жол ашатын бағдар.
Аслан Бағашар,
Атырау университетінің студенті