Атырау қаласында 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында өткізіліп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қару иелерінің қаруды сақтау және пайдалану тәртібін тексеру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Шараның негізгі мақсаты – заңсыз айналымдағы атыс қарулары мен оқ-дәрілерді анықтап, олардың заңсыз жеткізу арналары мен сатып алу көздерін табу.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғын үйлер мен мекемелерге барып, қару иелерінің қаруды тіркеу ережелерін сақтауын бақылауда. Азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабына сәйкес қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.
Сондай-ақ, полицейлер азаматтарға қаруды қауіпсіз пайдалану, сақтау және тіркеу талаптарын сақтау бойынша кеңес беріліп, өз еркімен өткізілген заңсыз қарулардың мемлекетке тапсырылу тәртібін де айта өтті.
Арон Кенжебекұлы,
полиция капитаны