Бұл – Мақат ауданының тұрғыны, еңбек ардагері Діңғали Бисенғалиұлының пікірі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы цифрландыру – бұл азаматтарға әлеуметтік көмек пен қызметтерді жылдамырақ, ашық әрі қолжетімді ету мақсатында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу» дейді ол.
Оның айтуынша, бұл – қағаз түріндегі күрделі рәсімдерден ыңғайлы онлайн-қызметтерге көшу деген сөз. Көптеген қызметтерді мемлекеттік мекемеге бармай-ақ алуға болады.
«Азаматтың бірыңғай әлеуметтік картасы» – оның жеңілдіктері, мәртебесі мен алған көмектері туралы толық ақпаратты қамтиды. eGov Mobile қосымшасы арқылы атаулы әлеуметтік көмекке, зейнетақыға, мекенжайлық көмекке, жұмыспен қамтуға және басқа да көмек түрлеріне өтініш беруге болады» дейді ақсақал.
Сонымен қатар, «Мүгедектікті белгілеу» ақпараттық жүйесі арқылы мүгедектік қашықтан белгіленеді, ал «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы мүгедектігі бар адамдар жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық оңалту құралдары мен қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады. Бұдан бөлек, банктермен интеграция жүргізілген – төлемдер тікелей банк картасына түседі.
Цифрландырудың арқасында смартфон арқылы өтінімдердің мәртебесін тексеруге, хабарламаларды алуға және құжаттарды жүктеуге мүмкіндік бар. Спикеріміз цифрлық технологияларды белсенді пайдаланудың азаматтар үшін бірқатар артықшылықтарын да атап өтті.
«Әртүрлі мекемелерден анықтама жинаудың қажеті жоқ; жәрдемақыларды жылдам тағайындау және төлеу; өтінім мәртебесінің ашықтығы; ХҚКО мен әлеуметтік қорғау органдарына бару санының азаюы. Мемлекет үшін де өз артықшылықтары бар. Олар – процестерді автоматтандыру есебінен бюджетті үнемдеу, қағазбастылықты азайту, әлеуметтік саясатты жоспарлауға арналған сапалы талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету» дейді ол.