Түйе шаруашылығы мен жылыжай саласын дамыту керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты бірқатар маңызды ұсыныстар айтылды.

Бұл бастамалар республика көлемінде өзекті болса да, әр өңірдің ерекшелігіне қарай олардың маңызы мен жүзеге асу жолдары әртүрлі. Атырау облысы үшін Жолдауда көтерілген кейбір бағыттар ерекше маңызға ие.

Атырау - мұнай-газ саласына бейімделген аймақ болғанымен, ауыл шаруашылығы да елеулі әлеуетке ие. Әсіресе мал шаруашылығы - қой, түйе, жылқы өсіру бағытында мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар Жайық өзені бойындағы суармалы егіншілік пен бақша шаруашылығын дамыту әлеуеті де жеткілікті. Осы тұрғыдан алғанда, Президенттің жерді тиімді әрі әділ пайдалану, өңдеуші кәсіпорындарды қолдау, ғылым мен технологияны енгізу сияқты бастамалары өңір үшін нақты қажеттілікке айналып отыр. Сондықтан, түйе шаруашылығы мен жылыжай саласын дамыту мәселесі ең өзектілердің біріне айналып отырғаны даусыз. Бірақ, соңғы әзірде жұрт жаппай жылқыға көшті, дұрыс та болар. Жылқыны дамытпа деп отырғанымыз жоқ, бірақ, ет өнімін молынан еретін, түйе экономикалық жағынан тиімдірек деп ойлаймын.

Асылхан Нұрланұлы,

кәсіпкер, Қызылқоға ауданының тұрғыны

Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ