Президентіміздің АҚШ-қа сапары — ұлт болашағына жасалған инвестиция

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары – Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам деп ойлаймын.

Әсіресе «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысу еліміздің өңірлік және жаһандық саясаттағы рөлін айқындай түседі. Бұл — мемлекеттер арасындағы серіктестік пен өзара сенімді нығайтудың айқын көрінісі.

Президенттің шетелде оқып жүрген қазақ жастарыyla кездесуі де ерекше мәнге ие. Бұл – ел басшысының жас буынға деген сенімі мен қолдауының белгісі. Мұндай кездесулер жастардың отансүйгіштік рухын арттырып, білімін Қазақстанның дамуына бағыттауға шабыт береді деп ойлаймын.

Білім саласының өкілі ретінде мен үшін осындай кездесулер — ұлттың болашағына жасалған инвестиция. Өйткені жастарымыз әлемдік білім мен тәжірибені меңгеріп, оны өз елінің игілігіне жұмсайтын болса, Қазақстанның болашағы жарқын болары анық.

Амангүл Тоқсанова,

Бержан Қанатбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Доссор кенті

Фото: Ақорда