Оңтайлы тепе-теңдікті табу керек

Алдағы салық реформасы туралы хабарландырудан кейін оны іске асыру барысы туралы әртүрлі пікірлер мен ұсыныстар кеңінен таралды. Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы да, "Атамекен" ҰКП да ҚҚС мөлшерлемесі мен шегінің күрт өсуіне қарсы болды.

Бұл жағдайда шағын және орта бизнес субъектілерінің үлкен үлесі ҚҚС төлеушілердің қатарына автоматты түрде түседі. Бұл кәсіпкерлерге екі есе соққы болар еді. Әріптестерім және сарапшылар болып біз бұл мәселені белсенді талқыладық. Бүгін Мемлекет басшысы осы реформаның негізгі бағдарын айқындады: ҚҚС мөлшерлемесі сараланатын болады. Үкіметке одан әрі салық реформасы бойынша, оның ішінде кәсіпкерлердің, сарапшылар мен депутаттардың пікірлерін ескере отырып, нақты есептеулер негізінде ҚҚС мөлшерлемесін айқындау жөнінде шешім қабылдау тапсырылды. Бұл тәсіл бюджеттің ағымдағы қажеттілігі (салықтар есебінен оны толықтыру көлемі) мен бизнес мүдделері арасындағы оңтайлы теңгерімді табуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Бұл ретте нақты есептер кәсіпкерлерді "көлеңкелі экономикадан" сақтап қалуға септігін тигізеді.

Нұрлан Сүйінбаев, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры

whatsapp image 2025 02 07 at 18.30.01