Өнер өкілдері өз шығармашылығын тек сахна не кітап емес, әлжеліде де таныта білсе...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы мәдениет пен өнерге қатысты ойлары біз, шығармашылық жастар үшін үлкен бағыт береді.

Расында, жаңа заман — жаңа талап. Цифрлық дәуірде өнер мен мәдениет өкілдері өз шығармашылығын тек сахнада немесе кітап бетінде ғана емес, интернет пен әлеуметтік желі арқылы да таныта білуі керек. Бұл — уақыт талабы.

Қазір жасанды интеллект, нейрожелілер, сандық медиа кеңістігі жылдам дамып келеді. Сондықтан ақын-жазушылар, музыканттар мен суретшілер осы жаңа құралдарды өз пайдасына жарата алса, қазақ мәдениетінің көкжиегі кеңейе түседі деп ойлаймын. Мысалы, поэзияны визуалды форматта ұсыну, ұлттық өнерді мультимедиалық жоба арқылы көрсету — жас буынның назарын аударудың тиімді жолы.

Президенттің «мәдениет қайраткерлері жаңа заман талабына бейімделуі керек» деген сөзі — біздің буынға айтылған нақты үндеу. Бұл — жауапкершілік. Ұлттық дәстүрден алыстамай, оны заманауи тілмен жеткізе білу — әрбір жас қаламгердің, әрбір өнер иесінің парызы.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының спорт пен мәдениетті қатар дамытуға мән беруі қоғамның рухани және физикалық тұрғыдан мықты болуына жол ашады деп есептеймін. Себебі мәдениет пен спорт — елдің рухы мен ертеңін айқындайтын қос тірек.

Әділет Амангелді,

жас ақын 

Нұржау ауылы

Фото: Ақорда