Мамандық таңдау- науқандық шара емес...

Президент жастарды сапалы біліммен қамтамасыз ету, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру және кәсіби кадрлар даярлау мәселесін басты назарға алды. Еліміздің болашағы – білімді, білікті мамандардың қолында екенін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту қажет.

Жолдауда айтылғандай, білім беру саласы еңбек нарығының сұранысына бейімделуі тиіс. Бұл дегеніміз – оқытылатын мамандықтар нақты өндірістік сұраныстарға сай келуі керек. Сонымен қатар, оқушылардың кәсіптік бағдарын ерте бастан айқындау, дуальды оқыту жүйесін дамыту, колледждер мен ЖОО-лардың материалдық базасын нығайту – ұзақ мерзімді нәтиже беретін маңызды қадамдар. Енді осы мәселеде жастардың болашақ мамандығын таңдауда көмек беру мәселесін де басты назарда ұстағанымыз абзал. Жоғары білім алып, мамандығы бойынша жұмыс табу оңайға түспейтінін ескерсек, жастарды бәсекелестікке қабілеттілігін де артыруды жүйелеуіміз керек деп ойлаймын. Және жастарымыздың санасына жіті жеткізетін нәрсе- білім алу, кәсіп таңдау тек маусымдық шара емес, жұртқа електеушілік емес, болашақтағы өміріңде нәпақа тауып беретін бірден бір бастаушы жол! Сондықтан, оған немқұрайды қарауға болмайды деп түсіндіруіміз керек, соған сәйкесті бейімдеу үшін сатылы жүйені де жүзеге асыруымз керек деп ойлаймын.


Ғанимат Ақсеріков
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

Фото freepik