Қосымша құн салығының сараланған мөлшері аз қамтылғандарға өте тиімді

Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қосымша құн салығы бойынша мөлшерлемені саралау қажеттігін, салық-бюджет реформасын жүргізудің маңыздылығын атап өткен болатын.

Қосылған құн салығының мөлшерлемесін саралау кезінде халық үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің қолжетімділік деңгейі ескерілетін болады. Осылайша, азық-түлік, дәрі-дәрмек сатушыларға, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетушілерге қатысты ҚҚС төмен мөлшерлемесі қолданылады. Менің ойымша, бұл аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек. Сондай-ақ, ҚҚС-тың сараланған мөлшерлемесін қабылдау мемлекетке белгілі бір тауарлар мен қызметтерді тұтынуды реттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, денсаулыққа (алкоголь, темекі, қантты және газдалған сусындар) немесе қоршаған ортаға (пластикалық қаптама) зиян келтіретін тауарларға ҚҚС жоғарылайды, осылайша олардың тұтыну үлесін азайтады.

Айгүл Әмірғалиева,

"Амангелді" ЖШС директоры

Фото: ru.freepik.com