Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. Осы мақсатта Атырау облысы полиция департаменті мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 200-ге жуық студенттің қатысуымен APEC PetroTechnic жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, соның ішінде есірткі қылмысы мен интернет-алаяқтықтың алдын алу.
Кездесуде біз студенттерге елімізде тіркеліп жатқан есірткі қылмыстары мен интернет-алаяқтық түрлері туралы жан-жақты ақпарат бердік. Психотропты заттардың адам денсаулығына тигізер зияны мен оны тасымалдаудағы заң алдындағы жауапкершілік туралы, сондай-ақ онлайн алаяқтардың алдау тәсілдері мен оларға алданып қалмау жолдарын түсіндірдік. Осы орайда, біз жастарды өз құқықтары мен міндеттерін білуге, кез келген күмәнді жағдайлар туралы дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.
Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, әсіресе есірткі қылмысы мен интернет-алаяқтықтың көбеюі – қоғам үшін өзекті әрі алаңдатын мәселе. Сондықтан жастармен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары мен алдын алу шараларын жүргізу – біздің негізгі міндетіміздің бірі. APEC PetroTechnic жоғары колледжінде өткен «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы кездесу осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі болды.
Кездесу барысында біз студенттерге есірткі айналымына қатысты қылмыстардың қазіргі тенденцияларын, олардың қоғамға және жеке адамның болашағына қандай қауіп төндіріп отырғанын кеңінен түсіндірдік. Психобелсенді заттардың денсаулыққа келтіретін қайтарылмас зияны, әсіресе жас ағзаға тигізер жойқын әсері туралы нақты деректер келтірдік. Сонымен қатар заң алдындағы жауапкершіліктің ауыр екенін, есірткі тасымалдау, сатып алу немесе оны насихаттаудың қылмыстық салдары бар екенін жастардың санасына жеткізуге тырыстық.
Бүгінде интернет-алаяқтықтың түрлері де көбейіп, айла-тәсілдері күрделеніп келеді. Сондықтан студенттерге онлайн кеңістіктегі қауіптер, алаяқтардың қолданатын әдістері және оларға алданып қалмаудың негізгі жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Әсіресе жеке деректерді қорғау, бейтаныс сілтемелерге өтпеу, күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеу сияқты қарапайым, бірақ маңызды ережелерге назар аудардық.
Марьяна Джангалиева,
Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі