Екінші саммиттің ел үшін берері мол

«Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті Қытаймен арадағы ынтымақтастығымыздың қаншалықты маңызды әрі нәтижелі болып келе жатқанын айқын көрсетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан тұжырымдар шынымен де әсерлі әрі болашаққа деген сенімді күшейтеді.

Сандардың өзі көп нәрседен хабар береді: Орталық Азия елдерінің жиынтық жалпы ішкі өнімі жарты триллион долларға жуықтаса, өңірішілік тауар айналымы соңғы бес жылда айтарлықтай өскен. Әсіресе, Қытаймен арадағы тауар айналымының жартысына жуығы Қазақстанның үлесіне тиетіні – жүйелі әрі ойластырылған жұмыстың нәтижесі.

Қазақстан Қытай инвестицияларын тарту бағытында дәйекті саясат жүргізіп келеді. Қазірдің өзінде елімізде қытайлық капиталдың қатысуымен шамамен 5 мың кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Бұл – мыңдаған жұмыс орны, жаңа технологиялар және экономиканың жаңа салалары.

Бірлескен кәсіпорындар құру, экспорттық өнімдердің, әсіресе Қытай нарығында сұранысқа ие тауарлардың ассортиментін кеңейту – экономикалық егемендігімізді нығайтудың нақты қадамдары.

Сонымен қатар, төртінші қайта өңдеу кезеңіндегі жоғары технологиялық өндірістерге ерекше назар аударылып отырғаны қуантады. Бұл – жоғары қосылған құны бар өнімдер, заманауи технологиялар және экологиялық тұрғыдан таза шешімдерге негізделген келешек экономикасына бет бұру.

Ауыл шаруашылығына басымдық берілуі де маңызды. Бұл саладағы Қытаймен ынтымақтастық агротехнологияларды енгізуге, су үнемдеу жүйелерін дамытуға және қайта өңдеу кәсіпорындарын құруға зор мүмкіндік береді. Мұның бәрі қазақстандық агроөнеркәсіптік кешенді жаңа сапалы деңгейге көтере алады.

МЦПС «Қорғас» жобасы – жай ғана логистикалық торап емес, бұл – экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің символы. Бұл жоба бизнесті, инвестицияларды және технологиялық шешімдерді тартатын ірі орталыққа айнала алады.

Саммит көрсеткендей, Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыс – жай ғана достық қатынас емес, ортақ болашаққа деген ұмтылыс, өзара тиімділік пен құрметке негізделген берік әріптестік.

Михаил Щадилов,

Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы

Сурет: Ақорда