Биылғы өрттің табиғи және географиялық ерекшелігі көп

Резерваттағы өртті толықтай сөндіру бірқатар табиғи және географиялық себептерге байланысты қиынға соққаны жасырын емес.

Біріншіден, бұл — жер бедері. Қорғалатын аймақтар, әдетте, жыралар, төмпешіктер, қалың ну немесе батпақты жерлер секілді жетуі қиын өңірлерде орналасады. Мұндай жағдайда техника кіре алмайды, ал адамдарға қозғалу қиын, өйткені резерваттарда жолдар көбіне болмайды. Бұл су мен құрал-жабдықты жеткізуді күрделендіреді. Кейде өрт ошағына тек тікұшақ арқылы ғана жетуге тура келеді.

Екіншіден, бұл — өрттің сипаты. Резерватта көбіне ашық жалынсыз, топырақтың астында, шымтезек немесе өсімдіктер қабатының астында жүретін тлеу (тление) құбылысы байқалады. Мұндай өртті анықтау қиын, сөндіру одан да қиын — ол тереңге тарайды және кәдімгі әдістермен оны тоқтату мүмкін емес.

Сонымен қатар, аптап ыстық, құрғақ ауа райы мен жел жағдайды одан әрі күрделендіреді — ошақтар жаңбырдан кейін де қайта тұтанып кетуі мүмкін.

Соңғы себеп — экологиялық шектеулер. Резерват аумағында ауыр техниканы қолдануға, ағаштарды кесуге және өрт қаупі жоғары әдістерді пайдалануға тыйым салынған. Бұл да өртті сөндіру мүмкіндігін шектейді.

Осының барлығы өртті сөндіруді өте күрделі үдеріс етеді. Мұндай жағдайда көбіне отты оқшаулап, оның табиғи жолмен өшуіне мүмкіндік беруге тура келеді.

Азамат Дәулетқалиев,

Б.Қанатбаев атындағы мектеп директоры