2025 жылғы Жолдауда Президент Тоқаев әлеуметтік саясатты нақты жаңғыртуға бет бұрды. «Әлеуметтік әмиян», бала күтіміне берілетін төлемдерді ұзарту, еңбек қауіпсіздігін күшейту сияқты бастамалар — халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі өзгерістер.
Ең маңыздысы — көмектер мен жеңілдіктердің нақты мұқтаж азаматтарға әділ әрі ашық түрде жетуін қамтамасыз ету. Бұл — әлеуметтік әділеттілік пен тиімділікті үйлестіруге бағытталған маңызды қадам. Енді басты міндет — осы уәделердің нақты іске асуын қамтамасыз ету.
Көп балалы ана ретінде бұны қолдаймын. Президент саясатының бағыты өте дұрыс. Енді жүзеге асыруда жергілікті жерде кедергілер болмауы керек деп есептеймін.
Гүлім Фазылова,
Индер ауданы
Фото freepik