Бүгінгі геосаяси жағдайда тұрақты әрі теңгерімді әріптестік орнату маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытай Халық Республикасымен орнатқан тығыз әрі сындарлы қарым-қатынасы – еліміздің сыртқы саясаттағы салиқалы бағытының жарқын көрінісі. Президентіміздің Қытайды сенімді стратегиялық серіктес деп атауы – шын мәнінде екі ел арасындағы достық пен өзара сыйластықтың берік негізге құрылғанын көрсетеді.

Бүгінгі геосаяси жағдайда тұрақты әрі теңгерімді әріптестік орнату – әрбір мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени, экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстардың арта түсуі – халқымыздың игілігіне жұмыс істейтін маңызды қадам. Әсіресе, білім мен ғылым саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар – жастарымыз үшін үлкен мүмкіндік.

«Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы» деп жариялануы, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық жобалар – ел дамуындағы маңызды бетбұрыс. Бұл – тек экономикалық пайда емес, ең алдымен өзара сенім мен түсіністікті арттыратын шешімдер.

Президентіміздің осындай сындарлы саясатына ризашылығымды білдіре отырып, еліміздің бейбітшілік пен даму жолындағы бастамаларына әрқашан қолдау білдіремін.

Азамат Дәулетқалиев,

Мақат аудандық мәслихатының депутаты

Фото: Ақорда