Атырауда бизнес мұнай-газ секторынан тыс дамуы үшін тұрақты салық жүйесі қажет

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі Жолдауда айтқан салықтық әкімшілендіруді түбегейлі жаңарту туралы бастамасын бизнес өкілі ретінде толық қолдаймын. Шынында да, цифрландыру бағытында көп іс атқарылғанымен, кәсіпкерлер күнделікті жұмыста бұрынғыдай артық рәсімдерге, түсініксіз талаптарға және сыни сәттерде баяу жұмыс істейтін жүйелерге тап болып жатады.

Адал салық төлеуші ретінде мен үшін ең маңыздысы — мемлекет тарапынан сенім мен әділдік болуы. Тоқаев мырзаның «Мемлекет адал жұмыс істейтін салық төлеушілердің мүддесін қорғайды» деген сөзі кәсіпкерлерге үлкен моральдық тірек береді. Себебі бизнестің дамуы — осы сенімге тікелей байланысты.

Жаңа Салық кодексінің тек техникалық өзгерістермен шектелмей, ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа мәдениет қалыптастыруды мақсат етуі — уақыт талабы. Егер салық жүйесіндегі цифрландыру шынымен жасанды интеллект пен озық технологиялар арқылы оңтайланса, онда кәсіпкер әр операция үшін есеп беруден емес, өз ісін дамытуға назар аударады.

Атырау өңірінде шағын және орта бизнес мұнай-газ секторынан тыс дамуы үшін түсінікті, тұрақты және әділ салық жүйесі аса қажет. Сонымен қатар, Президент айтқан даму институттарының қайта қалыптасуы — біз үшін өте маңызды. Қазіргі институттардан кәсіпкерлер нақты талдау, нақты қолдау және нақты қаржыландыруды күткенмен, ол әрқашан орындала бермейді. Егер бұл құрылымдар расымен белсенді инвестициялық ойыншыға айналса, өңірлік кәсіпкерлікке жаңа серпін береді.

Қорыта айтқанда, Президент көтерген мәселелерАтырау өңірінде шағын және орта бизнес мұнай-газ секторынан тыс дамуы үшін түсінікті, тұрақты және әділ салық жүйесі аса қажет — бизнес пен мемлекеттің қарым-қатынасын сапалы жаңа деңгейге шығаратын нақты қадамдар.

Мақсат Қордайұлы,

кәсіпкер