2026 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы арнайы операция өткізді, деп хабарлайды AtyrauPress ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Операция Алматы мен Шымкент қалалары, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында бір мезгілде жүргізілген. Нәтижесінде 20 адам ұсталып, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары және өзге де заттай дәлелдер тәркіленген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, деп хабарлайды ҰҚК.