Тоқаев Бас прокурорға сарбаздардың ісін тексеруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымдарды 12 күн ішінде қарастыруды және істі тергеу барысында заң талаптарының сақталуына баға беруді тапсырды.

Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram парақшасында хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу кезінде заңның сақталуына баға беруді тапсырды», - делінген хабарламада.

Фото: Ақорда