Qazaq Air ұшағы шұғыл түрде Атырауға қонды

Ұшақ Ақтөбеден Бакуге ұшқан. Атырауға шұғыл түрде қондырылды.

Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлады.

«Ішінде 37 жолаушы бар ұшақ 5 ақпан күні Астана уақытымен 19:21-де (Атырау уақытымен 18:21) қонды. Ұшақ жолаушылардың біріне шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан қондырылды. Экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын жердегі әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Әуежайға қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем алып кетті», - деп хабарлады әуе компаниясы.

Қазіргі уақытта оның өміріне төнген қауіп жоқ.

«Әуе компаниясының экипажы осы рейсте болған кардиолог Гүлшан Мамедоваға көрсеткен көмегі мен кәсібилігі үшін алғысын білдіреді», - деп толықтырды әуе компаниясы.