Қашағанда жұмысшы қайтыс болды...

Біз Қашағандағы кісі өліміне қатысты НКОК компаниясынан мәлімет сұрастырдық, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"NCOC компаниясы 9 ақпанда D аралында Caspiy Ak Zhelken мердігер компаниясының қызметкері кенеттен қайтыс болғанын өкінішпен растайды. Қызметкер қазасының өндіріске қатысы жоқ.Біз қайғылы оқиғаға байланысты марқұмның отбасына көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта NCOC тиісті билік органдарымен өзара әрекет ете отырып, мердігер компанияға қажетті жұмыстарды ұйымдастыруға қолдау көрсетіп жатыр" деп жауап берді компанияның баспасөз қызметі.