Атырау облысы аумағында қалың қар жауып жол қозғалысында туындаған келеңсіздіктер кезінде суықта далада қалған көлік жүргізушілеріне Атырау облысы полиция департаменті жанындағы Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көмек қолын созуда.
Осы ретте, 9 ақпан күні Ақтөбе-Астрахань тас жолының Шағырлы ауылының тұсында жолаушылар тасымалдайтын автобус істен шығып, жол бойында қалған. Тәртіп сақшылары автобустың жолаушылары Өзбекстан Республикасының азаматтарын жылыту орындарына жеткізіп, көмек көрсетілді.
Атыраулық полицейлер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларынан қолайсыз ауа райы кезінде сақтық шараларына мұқият болу қажеттігін ескертеді.