Оңтүстіктегі бес елдімекенде құтқарушылар су тасқыны қаупінің алдын алды

Алматы және Жамбыл облыстарының ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктердің қызметтері бес елдімекенде су басу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен түні Алматы және Жамбыл облыстарының ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктердің қызметтерінен 200 адам мен 45 техника 5 елдімекенде су басу қаупінің алдын алды.
"Қардың күрт еруі салдарынан егістіктерден аққан қызыл суды бұру бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Алдында су басқан аула аумақтарындағы суды жою жалғастырылды" делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

ҚР ТЖМ Бір түнде жүргізілген су бұру каналдарының жалпы ұзындығы 18 мың метр, елді мекендерге жақын жердегі сорылған су 16 мыңнан астам текше метрді құрайды. ҚР ТЖМ мәліметінше, Түркістан облысында барлық су басу жойылды.

Сырдария, Арыс және Бөген өзендеріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін 14 су бекетінің жұмысы жалғасуда.

4 ақпанда Юрий Илин Түркістан облысындағы су тасқыны жағдайын бажайлау үшін тікұшақпен көкке көтеріліп, биіктен шолу жасады.