Нұрсаяда қайғылы жағдай орын алды...

10 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Нұрсая ықшамауданында Mercedes Benz көлік құралының 1979 жылы туған жүргізушісі 1991 жылы туған жаяу жүргіншіні қаққан, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Онымен қоймай, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Жаяу жүргінші жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, департаменттің анықтау басқармасына жеткізген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

"Өкінішке қарай, жаяу жүргінші бүгін, яғни, 12 сәуір күні жан сақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды" делінген облыстық ПД таратқан хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив