Мақат-Қызылқоға бағытында 4 адам қайтыс болды...

Бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Жол апаты "Ақтөбе-Атырау-Астрахан" тасжолының 492-шақырымында болған. Toyota Ipsum жүргізушісі көлігін басқара алмай, қарсы бағыттағы жүк көлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде, төрт адам көз жұмып, үш адам Мақат аудандық ауруханасына жатқызылды" деп хабарлады облыстық ПД.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ