Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсетілген мыңдаған жағдай тіркелді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы Қаржы министрлігі жүргізген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін талдау қорытындысында айтылды.
Министр Мәди Такиевтің мәліметінше, 996 қайтыс болған адамға қатысты 3 640 медициналық қызмет көрсету фактісі анықталған. Тіпті 2023 жылы қайтыс болған азаматты 2025 жылы дәрігер қабылдауына тіркеген деректер бар.
Сондай-ақ бір күнде 1 400-ден астам пациент қабылдаған клиникалар, бір айда 4 800-ден астам науқасты «қараған» дәрігерлер тіркелген. Бұл көрсеткіштер медициналық қызмет көрсету нормаларына мүлде сәйкес келмейді.
Айта кетейік, мұндай заңбұзушылықтар бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына әкеліп отыр.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.