Балық аулауға шығып кеткен атыраулық өлі табылды

Үйінен балық аулаймын деп шығып кеткен атыраулық азамат бүгін өлі табылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Айта кетейік, 1963 жылы туған Кужирбаев Мизам Казиевич 24 қарашада сағат 17.30 шамасында Ақжар ауылы Ақжайық көшесі №9 үйден балық аулауға шығып кеткен болатын. Бұл туралы оның жұбайы хабарлама таратып, іздеу салған еді. Өкінішке қарай, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бүгін сағат 10.25-те оның денесін Ақжар ауылы тұсындағы Жайық өзенінен шығарғандарын мәлім етті. Оқиғаның мән-жайы қосымша хабарланатын болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение 1 человек и текст