"Айфонын" қорқытып тартып алды

Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай күдіктілерді ұстады.

15 ақпан күні сағат 00:55 шамасында “102” арнасына 2003 ж.т.азамат хабарласып Сәтпаев көшесі бойында белгісіз бір топ адамдар келіп өзіне тиесілі Iphone 11 ұялы телефонын қорқытып тартып алып кеткені туралы хабарлама берген.

 Аталған хабарлама бойынша патрульдік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, нәтижесінде сағат таңғы 4:00 шамасында Канцев көшесі бойында маркасы Lada 21703 автокөлігін тоқтатып тексеру кезінде, автокөліктің артқы қабының ішінде iPhone 11 ұялы телефонын тығып қойғаның анықтады.

Орын алған жағдайға сәйкес, 2003 ж.т. жүргізуші иесі мен 2003 ж.т.,2005 ж.т., 2004 ж.т., 2003 ж.т. жолаушылар ұсталып, Атырау қалалық Полиция басқармасының жедел тергеу тобына тапсырылды.