Атыраулық полицейлер медициналық колледж студенттерімен кездесті

«Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» атты білім беру ұйымдарында қыз балалармен кездесу өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын сексуалдық сипаттағы қылмысқа жол бермеу және оның алдын алу. Жыныстық тиіспеушілікке және бостандығына қарсы қылмсытар саласында, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды қылмыс фактілері әлі де орын алуда.

Осыған байланысты Атырау облысы ПД Жерглікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» атты білім беру ұйымдарында қыз балалармен кездесу өткізілуде.

Кездесудің мақсаты – баланың бойында қауіпсіз мінез-құлық дарыту, яғни балалар өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде өздерін қалай ұстау керектігін білуін қамтамасыз ету.

Бүгін 10 ақпан күні Ахмет Сүндетов атындағы жоғары медициналық колледжде Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Орынгүл Кушкалиева 1 курс студентермен арнайы кездесу өткізген болатын. Кездесуге 65 студент қатысып, қоғамдағы қыздарға қатысты мәселелері талқыланып ортаға салынды.

Айта кетейік, бұл аталған шара 26 ақпанға дейін жалғасады. Кездесу Атырау облысындағы 205 мектептің оқушыларына және 24 колледж студенттеріне өткізу жоспарланған.