Атырауда жол апатынан үш адам қаза тапты

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

30 қараша күні сағат 22:45 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 424-шақырымы бойында ВАЗ-2114 автокөлігінің 1966 жылы туған жүргізушісі 1991 жылы туған азаматтың басқаруындағы Iveco жүк көлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан жеңіл көлік  жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ