Атырауда жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қайтыс болды (+ВИДЕО)
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
5 мамыр күні сағат 20:10 шамасында республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 64 шақырым тұсында Toyota автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жол жиегіне аударылып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 4 адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, көлік жүргізушісі мен 1962 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ