Төрт көлік соқтығысып, жолаушылар зардап шекті (+ВИДЕО)

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің мамандары мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

26 қараша күні сағат 19:20 шамасында Атырау-Доссор тасжолы Шығыс базары тұсында төрт автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан Toyota Camry және Chevrolet Lacetti автокөлігктерінің жолаушылары түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мас күйде автокөлікті басқарғаны анықталды. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ