Доссор поселкесінен 120 шақырым қашықтықта орналасқан "Өтеміс" кен орнына қарай 3 ер адамның "Камаз" көлігімен бағыт алып, ауа райының қолайсыздығына байланысты кері оралмаған, деп хабарлайды AtyrauPress.
Оқиға 8 ақпан күні болған. 05:50 сағатта құтқару қызметінің байланыс бекетіне Доссор поселкесінен 120 шақырым қашықтықта орналасқан "Өтеміс" кен орнына қарай 3 ер адамның "Камаз" көлігімен бағыт алып, ауа райының қолайсыздығына байланысты кері оралмаған.
"Жоғалған адамдар (1970, 1970, 1992 ж.т.) 7 ақпан күні 7:00 сағатта шығып кеткендігі анықталды. 8 сағат бойы жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижелі аяқталып, 3 адам ТЖД күштері көмегімен "Өтеміс" кен орнынан аман-есен табылып, Доссор елді мекеніне жеткізілді. Жағдайлары қалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді" делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Іздестіру - құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 5 қызметкер мен 1 бірлік техника жұмылдырылған.