Атырауда қамыс өрті орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық ТЖД-нен білгеніміздей, 13 маусымда сағат 13:50-де Атырау қаласы Еркінқала ауылынан 15 шақырым қашықтықта "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыстың жануы тіркелді. Шұғыл түрде барлау жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД күштері мен құралдары, "Ақ Жайық" МТР қызметкерлері шықты. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Амандық АБДОЛ