Атырау облысы аумағында өтіп жатқан "Қыстақ" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде индерлік қызметкерлер Индербор кентіне кіреберіс тасжолда УАЗ автокөлігін тоқтатқан.
Тінту барысында киіктің 4 мүйізін, оның бұтарланған етін және аңшы қаруын тәркілеген. Аталған фактіге қатысты 1974 және 1972 жылы туған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.