Қабылданған шаралармен өрт сағат 21:53-те оқшауланып, 22:50-де толықтай сөндірілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Өртті сөндіру қатты түтінмен, көптеген жанғыш материалдардан туындаған үлкен өрт жүктемесімен қиынға түсті. Жануды толық жою, сондай-ақ, қайта тұтану ошақтарының алдын алу үшін конструкцияларды талдау және су төгу бойынша жұмыстар тартылған күштермен жүргізілуде" делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Сондай-ақ, департаментте +7 (7122) 45-14-75 жедел желі телефондары іске қосылды.
Айта кетейік, біз бұған дейін сауда ойын-сауық кешенінің бірінде түтін шыққаны туралы жазған болатынбыз.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ