Атырау-Индер тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы полиция департаменті хабарлауынша, 15 ақпан күні сағат 15:00-де Атырау-Индер тасжолының 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысқан. Нәтижесінде Lada Granta автокөлігінің 1997 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында, 1962 жылы туған жолаушы ауруханада қаза тапты. Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді. Соққыдан кейін Toyota Ipsum көлігі өртенген, одан зардап шеккендер жоқ.
Аталған дерек бойынша аудандық ПБ-мен ҚК-тің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.