Атырауда ауа райының қолайсыздығына байланысты жарық сөнді

Атырау қаласында толассыз қар жауып, жел тұруына байланысты кей шағынаудандарда электр жарығы сөнді, деп хабарлайды AtyrauPress “Атырау Жарық” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Қар аралас екпінді жел болуына байланысты, релелік автоматика құрылғысы жұмыс атқарылуына байланысты апатты өшірулер орын алып отыр. Себебі аталған 6/10 кВ әуе электр желісінің бойындағы жалғанып тұрған жеке заңды тұлғалар теңгеріміндегі кешенді трансформаторлық стансалардың ішіне қар кіру, оқшаулағыштардың жануы, 6/10 кВ сақтандырғыштардың жануы орын алып отыр. Уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз” делінген хабарламада.
Осы ретте “Атырау Жарық” АҚ қалалық электр жүйелерінің 15 жөндеу және 5 жедел бригадасы, гидравликалық көтергіш( АГП) 2 дана, жер бұрғылау( яма Бур) 2 дана, аталған тұтынушы теңгеріміндегі кешенді трансформаторлық стансасын тазалау, жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.

 

Сурет ашық дереккөздерден алынды.