Атырауда 8 наурызда топтасқан төбелес туралы хабарлаған жасөспірімдер анықталды

Жалған хабарлама берген жасөспірімдердің ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"8 наурыз күні сағат 02:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқарамсы №1 ҚПБ-нің кезекші бөліміне Атырау қаласы, Тасқала-3 ауылы 3-ші және 1-ші көше тұсында бір топ жасөспірімдер арасында топтасқан төбелес болып жатқаны туралы белгісіз адам хабарлама берген. Аталған аумақты тексеру барысында топтасқан төбелес анықталмады. Хабарламаны анықтау барысында берілген хабарламаның жалған екендігі белгілі болып, полицияға жалған ақпарат берген 2007 жылы туған жасөспірімдер анықталды. Осы оқиға бойынша аталған жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ҚР ӘКБтК-нің 438 бабымен заңды өкілдеріне, яғни ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылып,айыппұл салынды" делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: inbusiness.kz