Атырауда 25 тұрғын шұғыл эвакуацияланды (+ВИДЕО)

Атыраулық полицейлер өртке оранған көпқабатты үйден 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

5 мамыр күні сағат 19:32 шамасында Атыраулық полиция қызметкерлеріне "101" өрт сөндіру арнасынан қала аумағында орналасқан көпқабатты пәтерлердің жоғарғы шатыры өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Полиция майоры Қуаныш Бозақаев пен полиция капитаны Ерлан Мырзагереев аталған мекен-жайға 4 минутта жеткен. Кейін 9-қабатқа пәтер иесімен бірге жедел түрде көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтіріп қалың қара түтін будақтап жатқан өртті өшіруге кіріскен. Өйткені, шатырдан шыққан өрт жоғары қабаттағы пәтерлердің қылтимасына өтіп пәтерлер өртене бастаған. Қос полицей қауіптің алдын алуға әрекеттеніп, дер кезінде пәтердің өртін ауыздықтап 25 тұрғынды эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды.

Көпқабатты үйдің шатырындағы тілсіз жауды өрт сөндірушілер бір сағатта толық ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив